Өміріңді өзгерткің келсе өзіңнен баста


Кез келген адамды немесе жағдайды өзің қалағандай етіп өзгерту
1
«Біреу өзгереді екен деп ешқашан үміттенбе. Өзгерісті ылғи өзіңнен баста».
Ошо
Осы тақырыпты менен сабақ алған бір келіншектің оқиғасымен бастағым келіп отыр.
Гүлмира есімді келіншек бізге сабаққа скайп арқылы қосылды. Алғаш көп ақша тапсам деп бастаған келіншектің әңгі- месін тыңдағанда, оның отбасылық мәселесі анықталды. Ол екі сөзінің бірінде енесі екеуінің арасындағы нашар қарым- қатынасты айта береді. «Мен көп ақша тапсам, ешкімге тәуелді болмасам, қарым-қатынастың бәрі реттеледі» деген ойда болды ол. Жалпы, тек Гүлмира ғана емес, көптеген адам осындай ойда болады. Мәселенің барлығын ақшаға тіреп қояды. Ақша көп бол- са, ешқандай мәселе туындамайтын сияқты немесе кез-келген мәселенің шешімі ақшада деп ойлайды. Кейбір жағдайларда барлығы ақшаға келіп тіреліп тұруы мүмкін, бірақ ешқандай мәселенің шешімі ақшада емес, әсіресе қарым-қатынас, оның ішінде отбасылық қарым-қатынас ақшамен шешілмейді. Содан мен де ол келіншекке қазір ақша емес, ең бірінші үйдегі қарым- қатынасты дұрыстау керектігін түсіндім. Көп сұрақ қоймай, біз сабақты бастап кеттік, сол тақырыпқа қатысты мен оған тапсырмалар бере бастадым.

Бұл жердегі де мәселе, адам өзгерісті бірінші өзінен бастау керек. Енесіне деген ойын, енесіне деген сөзін, енесіне деген көзқарасын, енесіне деген қарым-қатынасын барлығын өзгерту керек.

Гүлмираға оңай соққан жоқ. Күн сайынғы сабақты ол ақша туралы сұрақ қоюмен бастап, қарым-қатынас туралы жауап алу- мен аяқтайды. Гүлмирадағы ерекшелік – ізденіс. Ол ылғи менің айтқанымды жасап, түсінбеген жерін сұрап, күнделікті сұрақ қоюмен болды. Және де берген тапсырманы ылғи жасайды. Сабақ барысында сұрағы бітпейді. Үш ай айтылған кеңестің бәрін жасаған Гүлмира, үлкен жеңіске жетті. Ол тек өзін жеңді. Өзінің әлсіз тұстарына қарсы тұра білді.


Made on
Tilda