Өміріңді өзгерткің келсе өзіңнен баста
Айналаңды жеңімпаздармен қоршау
1
« Біз өзіміздің араласатын адамдарымызға ұқсап кетеміз. Өзіңізге қажетті адамдарды таңдаңыз. Себебі сіз қаншалықты ерекше болсаңыз да, айналаңыздағылар сізге әсер етеді ».
Роберт Де Ниро
Өмірде мақсаты жоқ адам кім көрінгеннің жетегінде кететіні рас. Қай жерде ақша бар десе, еш ойланбай, қандай жұмыс болса да бара береді. Көрінген нәрсеге барып,

басын тығады, одан кейін мұндайлар болмай қалған ісіне елді кінәлағыш келеді. Өмірде мақсаты жоқ адамның достары да тура өзі сияқты. Яғни, «досына қарап, адамның кім екенін білесің» деген мақал тегін айтылмаған екен. Өздеріңіз қарасаңыздар, әркім өзіне керекті адамды тауып алады. Мысалға, арақ ішетін адамдар бір- бірлерін іздемей-ақ тауып алған, той-томалақты жақсы көретіндер де солай, ойын құмарлар да өздері бір-бірін тауып алады, өнер сүйгіштерде де солай. Ешқашан мақсаты жоқ адам, керемет жетістікке жеткен адамдармен араласып дос бола алмайды. Өмірде сіз кімсіз, сіз айналаңыздан тек өзіңіз сияқты ғана адамды көресіз, өміріңізге тек өзіңіз сияқты адамдарды ғана тартасыз. Айналаңыз сіздің ішкі жан-дүниеңіздің шынайы келбеті. Өзіңізді қоршаған жақын достарыңызға қарап, өзіңіздің кім екеніңізді біле беріңіз.

Сондықтан, сіз қашан өзіңіздің өмірлік мақсатыңызды таба- сыз, соған қарай іс-әрекет жасайсыз, міне, осы кезде іске «ТАРТЫЛЫС» заңы қосылады, бұл дегеніміз, сіз алдыңызға мақсат қою арқылы өзіңізге қажетті адамдарды немесе қажетті ақшаны ғана емес, сіз ойы мен сөзі бір жерден шығатын, өмірлік мақсаты, өзіндік ұстанымы бар адамдарды да өміріңізге тарта бастайсыз.


Осы жерде мен өз өмірімнен қысқаша айта кетейін. Себебі көп адамдарда «мен достарыммен араласқым келмейді, бірақ олардан қалай құтылам?» және тағы басқа осыған ұқсас сұрақтар туары сөзсіз.

Мен бұрын әртүрлі сауда жасап жүргенде, күн сайын, тығыз араласқан достарым болмапты, ылғи өзіммен-өзім, көбінесе бауырларымның қасында болады екенмін. Ал күйзеліс жағдайына түсіп, үш баламен үйде отырып қалғанымда, аз ғана уақытта жан- жағымды ылғи өмірге деген шағымы бітпейтін, өзін бақытсыз са- найтын, көп қиындық көрген жалғыз басты келіншектер қаптап кетті. Олардың әңгімесін тыңдаймын, өзімдікін айтамын. Сөйтіп жүріп сабақ оқимын. Бір күні сабақта «өздеріңізге ойы мен сөзі бір жерден шығатын адамдар табыңыздар» (найдите единомыш- ленников) деген тақырып өттік. Сол кезден бастап, бұл сөздердің мән-мағынасын терең ойланып, өзіме қажетті, «менің жан- жағымды жеңімпаз адамдар қоршаған. Менің жетістікке жет- кен достарым көп. Ойымыз бен сөзіміз бір жерден шығатын до- старым көп. Мені мұндай адамдар өздері іздеп келуде» деген сияқты аффирмациялар жаздым әдеттегідей күн сайын дауыстап оқимын. Білім алу арқылы, өз мақсатымды таптым. Жаңағыдай екі адамның басы бірігіп, босқа уақыт өткізетін кездесулерді тыя бастадым. Қалай? Ондай босқа уақыт өлтіретін шақыруларға әртүрлі сылтаулар айтып бармай қаламын, үйіме келе жатса, «қолым бос емес, сабақ оқып жатырмын» деймін. Ешкім маған ренжіп, теріс айналып кеткен жоқ. Алғашқы кезде тек туған күн деген сияқты іс-шараларға баратын едім, қазір қолымның бос еместігі соншалық, той сияқты үлкен бас қосулар болма- са, босқа желкілдеп бара бермеймін. Содан, сізге өтірік, маған шын, бір күні сол неше жыл тұрған жерімнен, қаланың жоғарғы жағына ойламаған жерден көшіп кеттім. Бұл жерде ең бастысы уақыттың қадірін білуіміз керек. Уақыт тегін, бірақ баға жетпес байлығымыз. Қазіргі таңда үйіме келіп жатқандарға есігім ашық, қазаным асулы және өте пайдалы кеңестер беріп жіберемін. Сонымен қатар, қазіргі кезде жетістікке жеткен, өз мақсатын тапқан, білімді, ақылды достарым өте көп. Бұрын өмірде мен өкінішке қарай, ешқандай мақсатсыз өмір сүріппін, сондықтанда анау шақырса да, мынау шақырса да желкілдеп бара беріппін, қаншама уақытымды босқа өлтіргенмін. Мұның барлығы өзімнің сауатсыздығымның арқасында жеген таяқтарым. Қазіргі таңда өзімнің сабақ беретін топтарыммен қалада аптасына бір рет кез- десу ұйымдастырамын, ол жерде бәріміз бірігіп, кітап оқимыз. Оқығанымызды талқылаймыз. Одан кейін (единмышленник) до- старыммен кездесіп таңғы ас, түскі ас, кешкі ас ішеміз, ол жер- де де әркім өз тәжірибесімен, білімімен бөліседі. Мысалға, бір топпен сабақ оқығанда, арамызда Дмитрий деген жігіт болды. Дмитрий күн сайын Медеу мен Шымбұлақтың ортасында жаяу жүгіреді. Содан Дмитрий бәрімізді тауға жүгіруге шақырды. Со- дан бері мүмкіндік туа қалса, тауға жүгіруге барамын. Әркімнен әртүрлі нәрсе үйренемін.

Бұрындары кімдермен араласып, кімдермен бірге жүреті- німізді өзіміз таңдаған емеспіз. Сондықтан, бақытты болып, ары қарай да солай өмір сүру үшін, оймен қандай да бір жағымды бейнені елестетіп, сол адаммен іштей жағымды диалог жүргізу өте маңызды.

Сондықтан жеңімпаздардың ортасына қарай асығыңыз. Өзіңіз әлі ешқандай жетістікке жетпесеңіз, өзіңізді ешкіммен салыстырмаңыз, тек сондай жеңімпаздарға қарай қол созыңыз, ондай адамдар қол ұшын берері сөзсіз. Тек жеңімпаздарға, жетістікке жеткендерге, жоғары қарай өрлегендерге қарай ұмтылыңыздар, себебі төмен қарай сүйрейтін адамдар онсыз да көп. Өзіңіз де жеңімпаздардың қатарына қосылуға ұмтылыңыз. Себебі, сіз жеңімпаз болуға лайықсыз!


Made on
Tilda