Өміріңді өзгерткің келсе өзіңнен баста
Жетістік формуласы
1
«Кішкене ғана от – кішкене ғана жылу бергендей, аз ғана құлшыныс – аз ғана нәтиже береді».
Наполеон Хилл
Адам бақытты өмір сүру үшін, өзгелерді емес, өз ойын, сөзін, көзқарасын өзгертуі керектігі және қандай да бір жетістікке қол жеткізу үшін, ақша болмаса таныс-тамыр емес,
өмірде өз мақсатын тауып, соған қарай әрекет жасау керектігі ту- ралы біраз айттық.

Өмірде кез-келген нәтижеге (нәрсеге, затқа) қол жеткізу үшін адам қандай да бір формулаға жүгінері анық, сол формулаға сүйене отырып, қалаған нәрсеге қол жеткізеді. Ал енді формула дегеніміз не? Мысалға, түсінікті болу үшін былғанған киіммен торт пісіруді алайық:

А) кір киімге + су құясыз + кір жуғыш ұнтақ + өзіңіз жуасыз = нәтижесінде тап-таза киімге қол жеткізесіз. Осылардың қайсы бірі кем болса немесе барлығын араластырып қойып, ешқандай әрекетсіз отырсаңыз, таза киімге қол жеткізбейтініңіз анық.

Б) қант + жұмыртқа + ұн +(қажетті қосқыштар) = нәтижесінде керемет дәмді торт шығады, қайсы бірі кем болса, сіз күткен дәмді торт шықпасы анық.

Тура осылар сияқты, жетістіктің де формуласы бар.

ОЙ + СЕЗІМ + ӘРЕКЕТ = ЖЕТІСТІК, НӘТИЖЕ.

Осы формуладағы көрсетілгеннің қайсы бірі кем болса, сіз ойлаған жетістікке қол жеткізбейсіз. Сондықтан мақсатыңызға барар жолда, ақшаңыз, танысыңыз болмаса да, жарқын болашағыңызды күн-түн ойлаңыз, жетістікке жеткен күнді бүгін қуанып, сезініңіз, күнде бір қадам болсын, мейлі кішкентай, тек күн сайын жоспарыңыз бойынша бір қадам алға жылжып отырыңыз, осының барлығы бойыңызда болғанда, жетістікке сөзсіз жететініңізге сеніңіз.

Өзіңіздің қазіргі жоқшылықта отырған жағдайыңызды, әртүрлі нәрсе айтып, ақтауға тырыспаңыз, болмаса өмір бойы осындай жоқшылықта өтесіз. Өзіңіздің сәтсіздіктеріңізге ақталу іздемеңіз, болмаса өмір бойы сәтсіздікпен өтесіз. Отбасылық ұрыс-керістерге ешқандай ақталу іздемеңіз, болмаса өмір бойы отбасылық бақытқа қол жеткізе алмайтын боласыз. Өмірде ешқандай ақталуды іздемей, әрекет жасаңыз, сонда ғана жетістікке қол жеткізесіз.


Made on
Tilda