Өміріңді өзгерткің келсе өзіңнен баста


Денсаулық







1
«Біздегі он бақыттың тоғызы денсаулыққа байланысты екен».
Шопенгауэр Артур.
Денсаулықсыз өмірде ешнәрсенің мәнісі жоқ. Адамның денсаулығы дұрыс болу үшін, ең бірінші – дұрыс тамақтану қажет. Бұрын күн-түн демей, әсіресе түнгі сағат он екіде болсын
ет жеп, сүтпен шәйді іше беретіндердің бірі едім. Салмағым бір қалыпты, бірақ нанды, тәттілерді көп жейтінмін. Тамақтану жағынан да өзімді көп нәрседен тыйғаныма үш жылдай болыпты.

Қазіргі таңда мен үшін дұрыс тамақтану деген:
Үш жылдай болды, таңертең аш қарынға лимон және бал қосылған жылы су (200 мл) ішумен басталады. Күні бойы 1,5-2 литр суды кешке дейін ұрттап жүріп ішемін, күніне бір рет кофе ішуім мүмкін. Табиғи өнім, сүт, айран, көкөністер, кепкен жеміс- жидек, құрма дегендерді нанның орнына жеймін десем де бо- лады. Тамақтың (халал) өзім жей алатын барлық түрін жеймін. Таңғы асым, сүт, құрма, ботқа болса, түскі аста бұйырғанын жеп, тек кешкі асты ұйықтардан үш сағат бұрын жеймін. Аш жатпай- мын, айран, алма немесе жеңіл салаттар жеуім мүмкін.

Газдалған сусынның бірін де ішпеймін, кириешки, чипсы, хотдог, гамбургер, шұжық, бургер сияқты көше тамақтарын жемеймін. Сүт қатқан шәй, қара шәйді мүлдем ішуді қойдым, қонаққа барсам, бергенін жеп-ішемін.

Кез-келген затта энергия бар дедік, сол сияқты үйдегі тұрған заттың барлығында да энергия бар, ол жақсы болуы да мүмкін, жаман болуы да мүмкін. Өзім кішкентайымнан дәрі іше алмай- мын, сонда да үйімде дәрі көп екен, ол дәрілерде жаман энергия бар деп үш жыл бұрын үйдегі барлық дәрі дәрмектерді лақтырып тастадым.

Түсінікті болу үшін, мысалы, кішкентай бала сүйгісі келгендер, үйге бала келу үшін, бір жерлерде ырымдап, біреудің баласының көйлегін алып жатса, бірде алдын ала балаға ешнәрсе алмайды деп жатады. Ал психолгиялық ұғымда, балаға жайлы орын дай- ындап, нәрестенің төсегін, бесігін, аз-маз киімдерін алу керек екен. Осы заттың барлығы үйге нәрестені шақырады екен. Содан кейін өздеріңіз де баланың келуіне дайын болуларыңыз керек, жай ауызбен ғана баланы армандап, күн- түн бала жоқтығын уай- ымдамай, ата-ана болуға іштей дайын болуыңыз керек. Жүрекпен сезініңіз. Баланы қабылдауға дайын болыңыз.

Тура осы сияқты дәріханадан дәрі алғанда, «мынаны да ала салшы, ертең бала ауырса, керек болады, зияны жоқ» деп дәріні жинай береді екенбіз. Ал ауырғанда, түріктің сапалы киімін таңдағандай, бірінен бірі өткен қымбат дәрі аламыз. Ішілген дәріні, «ертең ауырса керек болады» деген ұғыммен ешқашан тастамаймыз. Рас екен, сіз тура осылай ойлап, дәрі-дәрмекті жи- най берсеңіз, бәрі де сіз ойлағандай, дәрілердің бір керегіңізге жарары сөзсіз.

Мен дәрілерді жинастырғанда, балалардың ауырғаны есіме түсіп, «керек болып қалар, ақшам жоқ болса, қайдан іздеп жүремін» деген неше түрлі ойлар келіп, қимастықпен қарағаным рас. Содан, «біз ауырмаймыз, сондықтан бізге дәрі ешқашан керек емес» деп екі дорба (пакет) қылып жинастырып, көзді жұмып лақтырдым. Ауру туралы ойымның бәрін бірге лақтырып жібергендеймін. Аллаға мың да бір шүкір, ауырған емеспіз, ау- ыруды ойламаймыз, ауруға уақыт жоқ. Бала болғаннан кейін, қызу көтерілу, жөтел деген болады, ондайда, өте көп мөлшерде жылы су беремін, таза ауаға көп шығарамын, үйдің ылғалдығын дұрыс ұстауға тырысамын. Ешқашан дәрі бермедім. Балам ауыр- са, балама көңіл аз бөлгенмін деп, екі күн бірге серуендеп біраз ойнаймын, біздің дәрі – осы. Өзімнің мұрнымның гаймориты бар екен, ешқандай дәрісіз, дәрігердің көмегінсіз, биыл сумен табиғи майлармен жақсы тазалап алдым. Ондайда тазаланып жатырмын деймін. «Ойбай, жаным, басым, сынып тұр, ауырып тұрмын» деп ешқашан айтпаймын, келген ауыруға ешқандай көңіл бөлмеймін. Кез келген ауру шақырылмаған қонақ сияқты, мен ешқандай көңіл бөлмегеннен кейін, қалай келді, солай қашып кетеді. Ал енді, әр бес минут сайын, «ауырдым» деп айтып, ыңқылдап, әртүрлі дәрі ішіп, жылы төсекке жатып, баптай берсеңіз, қонақжайлылығыңыздың ұнағаны соншалық, қонағыңыз (ауруыңыз) ұзағынан жатады, ар- тынан бірнешеуін шақырары да сөзсіз. Кейде анам қонаққа келіп, кішкентайым түнде жөтелсе, маған «дәрі бер, не деген адамсың, обал ғой, андағы балаға» деп ұрысады, «бердім дәрі» деп қоямын, бірақ жылы су беремін.

Made on
Tilda