Өміріңді өзгерткің келсе өзіңнен баста
Өмір бойы жан-жақты даму
1
«Дамудың болмауы – құлдырауға әкеліп соғады».
Юрий Зарожный.


Жалпы адам өмір бойы рухани, зияткерлік (интеллектуальный) жан-жақты және физикалық тұрғыда үнемі өсіп отыру керек.

Рухани дегеніміз – білім алу керек. Исламға келдіңіз бе, білім алыңыз, кітап оқыңыз, жүрегіңізді иманға толтырыңыз. Өмірде өз мақсатыңды таптың ба, білім ал, өс, өз салаңның ең мықтысы бол. Сәл бір нәрсені үйренсең тоқтап қалмай, білім алып, өсу ке- рек. «Тал бесіктен жер бесікке дейін» деген осы екен.

Зияткерлік тұрғыда, жан-жақты өсу дегеніміз – шет тілін, қандай да бір қолөнерді, кітапты жоғары жылдамдықта оқып үйрену деген сияқты, өзінің аты айтып тұрғандай адам жан- жақты өсуі керек екен.

Физикалық тұрғыда өсу дегеніміз – адам шамасы келгенше өмір бойы дене бітімін бір қалыпта ұстау керек. Жиі жаяу жүрсе, шағын спорт түрлерімен айналысса, дұрыс тамақтанса, ылғи көңілді жүрсе, дене бітіміңіз тамаша, жүзіңіз нұрға толы болары сөзсіз.

Өмірде жақсы адам болуға тырысыңыз. Жақсы адам иіс су сататын дүкен сияқты екен, қасына барсаң, үстіңе керемет иісі сіңіп қалады. Жаман адам қоқыс сияқты, жанына барсаң, үстіңе қоқыстың иісі сіңіп қалады екен. Өмірде балды көбірек беретін гүл болыңыз, балыңызды алу үшін, айналаңызды адам- дар қоршап алғандай. Сіздегі хош иіс те, бал да бұл сіздің жан- жақтылығыңыз, білімділігіңіз. Сондықтан өмір бойы өсіңіз.

Исламға келіп, осылай жан-жақты өсіп жатқан ер азаматтың жолында кезкелген әйел құрбандық болары сөзсіз. Әйел адам – қырық жанды болып, қараңғы өмірдің бәріне шыдап жүре бергенше, жан-жақты білімді болғаны әлдейқайда оны бақытты етері сөзсіз. Ендеше достар, жан-жақты өсіңіздер.



Made on
Tilda