Өміріңді өзгерткің келсе өзіңнен баста
Әр адам өз өмірінің авторы
1
«Не ексең, соны орасың.....».
Қазақ мақалы
Бірде ютубтан бір бейнебаянды көріп отырғанда, «Әр адам өз өмірінің авторы» дегенді естіп қалып, сол бей- не-баянды бірнеше рет мұқият тыңдап, ол жердегі «қиялыңды,

арманыңды осы шақта дәптерге жаз, нені қалайсың соны жаз, жазғандарыңды өз өміріңе тартасың» дегенді жасадым, яғни бәрін жаздым. Адам айтса сенгісіз нәрсе, бірақ рас екен, олай дейтінім, менің есіме өзімнің бұрынғы бала күннен бергі жазба- ларым түсті.

Семейде қаржыгерді оқып жүріп, сол баяғы бала күнгі әдетім- мен жазу жазатынмын, сырласым да, мұңдасым да, айнымас серігім, жан жолдасым да қалам мен қағаз еді. Қазақ тілі мен әдебиеттен жарысқа колледж атынан жиі барам, журналымызға бірнарселер жазам. Бір сөзбен айтқанда, жазбасам ауырам. Жа- зудан рахат алам, демалам. Ал енді мен сол кезде күнделігіме ылғи мелодрама, былайша айтқанда сәтсіз махаббатты, бақытсыз қыздың өмірін өзім образға кіріп отырып жазатынмын. Кейде біреулер оқып қоятын сияқты көрініп жыртамын, бірақ бәрі өз басымнан өткендей сезініп тұрып, қайта жазып аламын. Білмеймін, кімге керек, оны жарыққа шығару ойымда жоқ, тек жазамын, сәл өзгеріс енгіземін, ары қарай жазамын.

Содан студенттік өмір бітті, күйеуге тидім. Жазғандарым жайына қалды. Күйеуге тие салып, ажырасудан қорқатын едім. Ешқандай себеп болмаса да, ажырасып кету туралы көп ойлай- мын. Тіпті өзіммен өзім жүріп, ажырасуымның себебін айтып, күбірлеп сөйлесіп жүремін. Сәл оңаша қалсам, қалам қағаз ала салып, қайғырып отырып, «Жанымды жеген жалғыздық. Бұл жалғыздық жанымды жегідей жеді...» деп, жалғыз басты адамның рөліне кіріп алып, қайдағы бірнәрселерді жазатын едім, қайта жыртып тастаймын. Содан күйеуіммен ажырастым, екі баламен бір арпалыс өмір басталды. «Қайтсем де күн көруім керек, ешкімге салмақ салмауым керек» дедім, ешкімге салмақ салмадым, бірақ жалғыз қалдым, расында жанымды жалғыздық жегідей жеген кездер болды....

«Бұрын осындай заңдылық барын білмей жазыппын, енді білдім, өз қалағанымдай арманымды жазып көрейін», – деп, сол кездегі қиялымдағы арманымның барлығын жаздым, қанша күн қайталап жазғаным есімде жоқ, бір-ақ күнде таңертең міндетті түрде оқып шығамын. Бұл 2014 жылдың күз мезгілдері еді. Ба- лалар мені көріп, «анашым жынданып кеткен бе?», – деп ой- ламасын деймін, олар сабақта болған кезде, бір рахаттанып, жазғандарымды дауыстап, образға кіріп алып оқимын. Ол кезде ақылы сабақ алуды бастаған жоқпын, тіпті ақылы сабақты қалай алуға болатынын білмеймін. Жазғандарымды іштей күбірлеп оқығаннан, дауыстап оқыған ұнайтын маған. Дауыстап оқығанда, көңіл-күйім көтерілетін сияқты, оқып тұрғанымдағыдай керемет әлемге саяхаттап қайтатын едім. Сыртымнан біреу көрсе, қияли екен дер еді.

Содан кейін неше түрлі әдемі дәптерлер алдым. Ал ескі ескі күнделігім іздеусіз, кітаптардың арасында қалып қойыпты. Арада екі жыл өткенде, алғашқы тобыма сабағымды беріп отырып, бір кітап іздеп, сөрелерді ақтарып жатып, сол күнделікке көзім түсті. Сол сәтте есіме бірден Луиза Хей оралды, езу тартып, күнделігімді оқысам, сол кезде жазғанымның барлығы қол жетпес арман еді бір кездері, ертегі сияқты көрінетін. Жазғанымның 90% -ы орын- далыпты, қалған 10% -ы осы кітабыммен байланысты. Кітабым шыққан күні 100% орындалады. Аллаға сансыз шүкір мақтаулар болсын! Мен сол күнделікке жазылған дүниелердің ішінен кішкене үзінді бере кетейін:

«Мен әдемімін. Мен өз өзімді жақсы көремін. Мен өз ой- ымды кез келген жерде еркін жеткіземін. Мен бақыттымын. Адамдарға менімен сөйлескен ұнайды. Менің айналамда жетістікке жеткен, адал достарым көп. Менің ойы бір жер- ден шығатын (единомышленник) достарым көп. Мен қаланың ортасында керемет өзім жақсы көретін үйде тұрамын. Мен адамдармен оңай және тез тіл табысамын. Менің киген киімім өзіме керемет жарасымды. Ақша маған жан-жақтан ағылып келеді. Әрбір келген ақша маған тек жақсылық әкелуде. Ақшаң көп болған бұл дұрыс. Мен бұдан да көп ақшаға ие болуға лайықтымын. Мен өзіме және балаларыма қажеттіні оңай және тез аламын, себебі менің ақшам көп. Маған қажетті адамдар маған кез келген уақытта қасымнан табылады. Мен өзімнің сүйікті ісіммен айналысып жүрмін, мен бұдан рахат және мол табыс табамын. Мен өзімнің сүйікті ісім кітап жазу- мен айналысудамын. Мен көп адамға көмектесіп жүрмін. Менің өмірім оңай және тез, жақсы жаққа, өте жылдам өзгеріп бара- ды. Мен үзбей білім алуды жалғастыра беремін. Мен көптеген адамдардан ақылы сабақ алып жүрмін.............. Аллаға сансыз шүкір мақтаулар болсын!» деген едім..

Бұл менің ешқандай ақылы білім алмай тұрғандағы, өзімнің түсінігім бойынша, аффирмацияға ұқсатып жазғандарым. Әрине, уақыт өте білім алдым, білім алған соң, көп нәрсе үйрендім және қалай дұрыс жазу керектігін де үйрендім. Ал шын мәнінде, сол уақытта жазғандарымның барлығы ол кездерде арман еді, ал қазіргі өмірім шын мәнінде осындай тіпті одан да жақсы. Аллаға шүкір.

Сондықтан армандаңыздар, армандарыңызды қағазға жазыңыздар, армандар орындалады.

Осы жазу туралы тағы бір ереже, не жазсаңыз да ешқандай «жағымсыз» сөздерді қосып жазбаңыздар. Мысалға, былай: «Менің қарызым жоқ. Менде ешқандай мәселе(проблема) жоқ. Мен үшін ақша табу қиын емес. Біз үйде ұрыспаймыз. Менің еш жерім ауырмайды. Жағдайым жаман емес. Мен ашуланбай- мын. Мен кездесуге кешікпей барамын.... т.б..» осы сияқты (асты сызылған) жағымсыз сөздерді аффирмацияға қосып айтпайсыз және бұл сөздерді өзіңіздің ешқандай жұмыс дәптерлеріңізге жазбаңыздар. Себебі бұл сөздердің түбірі жағымсыз, сондықтан санамыз сол жағымсыз сөзді қабылдайды, ары қарай өміріңізге де сол жағымсыз нәрселерді тартасыз. Сәл түсінікті болу үшін бы- лай талдап көрейік:

«Менің қарызым жоқ» бұл жердегі маңызды сөз «қарызым», яғни сана «менің жоқ» дегенді емес, «қарыз» дегенді қабылдайды. Ендеше «Менің қарызым жоқ – менің ақшам көп. Менде ешқандай мәселе жоқ – менде бәрі керемет. Мен үшін ақша табу қиын емес – мен үшін ақша табу оңай. Біз үйде ұрыспаймыз – біз үйде тату-тәттіміз. Менің еш жерім ауыр- майды – менің денім сау, т.б.» деп ауыстырыңыздар.
Made on
Tilda