Дәптер мен қалам дайындап, сабақтан ерекше ИНСАЙТ алуға дайын болыңыздар.

8-Сабақ "Әрекеттің куші"

Баршаңызға сәттілік!
8-САБАҚ «ӘРЕКЕТТІҢ КҮШІ»



Практикалық әрекеттің күші.

Келесі сөздерді қарап және осы ағымдар бойынша нәтижелеріңізді сипаттаңыз.



ҚАРЖЫЛАЙ БАЙЛЫҚ

 Сіздің табысыңыз тоқтап қалса, сіз қанша уақыт бойы сыртқы қалпыңызды сақтай алар едіңіз?

 Бір жылда ең көп тапқан табысыңыз?

 Өзіңізді бай адам деп сезіну үшін, қанша ақша табуыңыз керек?



БИЗНЕС

 Егер сырттай кеңесші сіздің жасағандарыңызды және қаншалықты жақсы жасайтыныңызды сараптайтын болса, ол сізді табысты адам деп есептер ме еді? Барлығын сипаттаңыз.



ЭКОНОМИКА

 Экономика жеке сізге қалай әсер етті?



ДЕМАЛЫС

 Сіз қаншалықты жиі демалыс аласыз?

 Қайда барасыз?

 Қандай жағдайларда демалдыңыз?

 Сіз демалыс уақытын еркін таңдай алдыңыз ба?



ҮЙ

 Сіздің өз үйіңіз бар ма? ___________

 Сіз тұратын үйіңізді қалай сипаттайсыз?



ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС

 Үйіңіздегі қарым-қатынасты сипаттаңыз.

 Жұмысыңыздағы қарым-қатынасыңызды сипаттаңыз.

 Әлеуметтік қатынастарыңызды сипаттаңыз.



Алдыңғы жаттығуларда жазғандарыңыз бұл сіздің түпкі сана осы аймақтардың әрқайсысын қалай басқаратынын көрсетеді. Бұл сіздің парадигмаңыздың бөлігі ғана және сіз жасай алатындарға ешқандай байланысы жоқ. Жаңа нәтижелерге қол жеткізу үшін, саналы деңгейде не істей алатыныңызды түсінуіңіз керек. Мұны істеген кезде, санаңызға жаңа сенімдерді енгізу қажет.



НАҚТЫ ӘРЕКЕТТЕР МЕН ЖҰМЫС ЖАСАУ БАСТАМАСЫ



Енді осы сөздердің әрқайсысын қайтадан қарап және осы облыстардың әрқайсысында өзіңіз қалай болғанын қалайсыз, соны жазыңыз. Сұрақ қоя отырып, қалағаныңызға қол жеткізгендей жауап беріңіз. Қалай қол жеткізетініңізді ойлап, уақыт жоғалтпаңыз. Елестету қабілетіңізді жұмыс жасауға мәжбүрлеңіз. Демалыс туралы ойлағанда, жоғары сатылы демалысты ойлаңыз, армандаған үйіңіз туралы және табыс көзіңіз туралы ойлаңыз. Сіз әрдайым армандағансыз ... енді не керек екенін сипаттаңыз. Толық өзіңіз қалаған өмірді жазыңыз.



Енді сіз өзіңіздің өміріңіздің қандай болу керектігі туралы жазғаныңызды қайта қараңыз. Сіз осы жазғаныңыздай өмір сүре аласыз ба әлде жоқ па, ондай ой мыңызды емес. Сіздің қалауыңыз маңызды.

Осындай өмірді сүргіңіз келе ме? Егер сіздің жауабыңыз «ИӘ» болса, онда Сіз өзіңіздің өміріңіз туралы алдыңғы жазғаныңыздың бәрі сіз қаламайтын өмір деп есептейміз.



Жоғарыда жазғандаыңыздың әрқайсысын алыңыз да оларды осы шақта қайта жазыңыз. Содан кейін қайта оқып, қайта жазыңыз. Қайта жазғаннан кейін оны оқып, оны сезініңіз, және жаңа сеніміңізге сай әрекет етуді бастаңыз. Бастапқыда бұл жаттығу пайдасыз болып көрінуі мүмкін, бірақ егер сіз өзіңіздің түпкі санаңызға эмоциялық жағынан әсер етсеңіз, онда, ол жақсарып, жаңа әдеттер пайда болады. Практикалық əрекет əр адам үшін əр уақытта жұмыс істейді. Сұрақ қоймай, жай ғана жасаңыз.



ҚАЙТА ҚАРАУ, ТАҒЫ ДА ОЙЛАНУ, ҚАЙТА ЖАЗУ



1) №7 сабақтың идеяларын, жаттығуларын және құралдарын қайтадан қарап шығып, не түсінгеніңізді жазыңыз.



2) Осы сабақтың негізінде алынған және мақсатқа жақындататын қандай қадамдар жасайтыңызды ойлап көріңіз.



3) Мақсаттарыңызды қайта жазыңыз. Сізге мақсатты анықтау керек пе? Мақсаттың бейнесі сізге түсінікті бе? Егер сіз бейтаныс адамға қойылған мақсаттардың жазбаша сипаттамасын берсеңіз, онда бұл сипаттама сіздей түсінеме? Егер жоқ болса, онда мақсатқа көбірек түсінік беріңіз.







Біз берген барлық нұсқауларды іске асырмақшы болғанда, қорқыныш, күмән және алаңдаушылық санаңызға еніп кетеді.







ҚОРҚЫНЫШ,КҮМӘН ЖӘНЕ АЛАҢДАУ



Қорқыныш интеллектуалды әрекет жасау арқылы жойылады. Артқа оралып, әрбір қорқынышқа талдау жасаңыз, сіз көп ұзамай олардың негізсіз екенін түсінетін боласыз.







Сіз оларды қиялыңызда ғана жасап алғансыз, ендеше оларды дәл солай оп-оңай жоюға болады. Болуы мүмкін деген ең қорқыныштының өзі, шындығында сондай қорқынышты емес, тіпті болған күнде де көп жағдайда барлығы таңғажайып оқиғалармен аяқталады. Мәселе біздің қиялда және қабылдауымызда.



- Енді әрбір қорқынышыңызды қағазға жазыңыз, олардың әрқайсысымен не істер едіңіз?



- Іске кірісіңіз, іске асырыңыз



- Қорқыныш тосқауылын жойып, өзіңізге туа біте тиесілі болған еркіндіктен рахат алыңыз.







ҚАЙТА ҚАРАУ, ТАҒЫ ДА ОЙЛАНУ, ҚАЙТА ЖАЗУ







1) №7 сабақтың идеяларын, жаттығуларын және құралдарын қайтадан қарап шығып, не түсінгеніңізді жазыңыз.







2) Осы сабақтың негізінде алынған және мақсатқа жақындататын қандай қадамдар жасайтыңызды ойлап көріңіз.







3) Мақсаттарыңызды қайта жазыңыз. Сізге мақсатты анықтау керек пе? Мақсаттың бейнесі сізге түсінікті бе? Егер сіз бейтаныс адамға қойылған мақсаттардың жазбаша сипаттамасын берсеңіз, онда бұл сипаттама сіздей түсінеме? Егер жоқ болса, онда мақсатқа көбірек түсінік беріңіз



Бұл жерде ең бастысы сіз үй тапсырмаларын орындау арқылы өзіңіздің жалқаулығыңызды жеңіп,ескі әдетіңізден арылып,нағыз ЖЕҢІМПАЗ боласыз!
Мұндай мүмкіндікті жіберіп алмаңыздар!
Жалпылай бағдарламасы:
Өткен күннің парақтарын
толық жабасыз
Өз өзіңізді бағалап үйренесіз
Ораторлықты, сенімділікті, ой-өрісіңізді дамытасыз
Миыңызды дұрыс жұмыс істетіп, жаңа мүмкіндіктерге жол ашасыз
Ойыңыз, сөзіңіз, көз қарасыңыз толығымен өзгереді
Нәпсіңізді жеңіп, ескі әдеттерді бұзып, жаңа әдеттерді қалыптастырасыз
Жаңа ортада жаңа деңгейге көтерілесіз
Әлемдегі өз-өзіңді өзгерту жайлы ең нәтижелі технологияларымен танысасыз
САБАҚ СІЗДЕРГЕ АМАНАТ! САБАҚТЫ ТАРАТПАЙМЫЗ!
Made on
Tilda