Дәптер мен қалам дайындап, сабақтан ерекше ИНСАЙТ алуға дайын болыңыздар.
7-Сабақ
"Қорқыныш қамалын жою"
Дәптер,қалам дайындап, сабақтан ерекше ИНСАЙТ алуға дайын болыңыздар.
Баршаңызға сәттілік!
7-сабақ "Қорқыныш қамалын жою"



Үй тапсырмасы

ҚОРҚЫНЫШ КҮШІМЕН ЖҰМЫС ЖАСАУҒА АРНАЛҒАН ҮЙ ЖҰМЫСЫ:




№1-ші сабақта қойылған мақсаттарыңызды қайта қарастырыңыз.



Өзіңізден шынымен оны «қалайсыз ба?» әлде осыған «көнесіз бе?» деп сұраңыз.




Егер сіз қазіргі уақыттағы жасап жүргеніңізге қарағанда, жақсырақ дүниені жасау үшін қажетті қабілеттер мен ресурстардың барлығы бар екенін білсеңіз, сіздің мақсатыңыз не болар еді? Дәптерге жазу барысында оны мүмкіндігінше егжей-тегжейлі сипаттаңыз.





Сіздің қазіргі жазғандарыңыз «Y»-типті идеялар қатарына жататын болады. Эмоционалды күйге түспесеңіз де, бұл идеяны санаңызда ұстап, осы мақсаттың орындалғанына сай өміріңізді сипаттап жазыңыз.





Қалағаныңыздың бәрін келесідегідей ойын етіп, өміріңізге келген барлық артықшылықтарды жазыңыз.



- Егер мен мынаны жасайтын болсам, мен ... (мынаған) қол жеткізер едім



- Егер мен ананы жасайтын болсам, онда..... болар еді.







Эмоционалды күйсіз, тізімде мүмкіндігінше көп артықшылықтарды жазыңыз. Бұл кезеңде сіз мұны істеу туралы шешім қабылдамайсыз, жәй ғана бұл туралы ойланасыз. Сіз ескі парадигмаларға тиіспейсіз.







Енді өзіңізбен ментальды ойын ойнаңыз. Сіз біреудің мақсатына қарай алға жылжу арқылы алған барлық артықшылықтарына қарап отырсыз және сіз оған мақсатына жету үшін, егер алдыға қарай қадам жасамаса, қандай ақымақтыққа тап болатыны туралы, баяндама жазып отырсыз делік. Сіз оған не айтар едіңіз? Жазыңыз.







Енді – көптеген адамдардың бірдеңені жоғалтып алудан қорыққандықтан үлкен идеяға қарсы сенімсіз қадам жасайтынын қарастырыңыз.







Белгілі бір уақыт келгенде бәріміз өмірден кетеміз, келесі өмірге қарай аяқ басамыз. Сондықтан, өмірден өткен кезде, өзіңізге тиесілі деп жүргеннің бәрі басқа біреудің қолына өтетінін жақсы түсініңіз. Бар шындық – сізге ештеңе ешқашан тиесілі болмағандығында. Сіз уақытша егесісіз, осы жерде болған кезде, барлығы уақытша сіздікі.







Сондай-ақ, қазір сізде бар барлық нәрсе сіздің санаңыздың ойлауына, қабылдауына байланысты бар дүниелер, ал сіз қате ойлаудың кесірінен осының бәрін жоғалтып алсаңыз, онда барлық жоғалғандар сізге дереу оралатынын түсінуіңіз қажет. Жоғалтудан қорықпаңыз.







Қорқыныш тосқауылынан арылуға шешім қабылдаңыз - бұл нағыз шешім болуы керек. Сіз өзіңіздің үлкен жаңа мақсатыңызға эмоциялық түрде берілуге және кез келген әрекетті жасауға өзіңізге рұқсат беріңіз.







Біз берген барлық нұсқауларды іске асырмақшы болғанда, қорқыныш, күмән және алаңдаушылық санаңызға еніп кетеді.







ҚОРҚЫНЫШ,КҮМӘН ЖӘНЕ АЛАҢДАУ



Қорқыныш интеллектуалды әрекет жасау арқылы жойылады. Артқа оралып, әрбір қорқынышқа талдау жасаңыз, сіз көп ұзамай олардың негізсіз екенін түсінетін боласыз.







Сіз оларды қиялыңызда ғана жасап алғансыз, ендеше оларды дәл солай оп-оңай жоюға болады. Болуы мүмкін деген ең қорқыныштының өзі, шындығында сондай қорқынышты емес, тіпті болған күнде де көп жағдайда барлығы таңғажайып оқиғалармен аяқталады. Мәселе біздің қиялда және қабылдауымызда.



- Енді әрбір қорқынышыңызды қағазға жазыңыз, олардың әрқайсысымен не істер едіңіз?



- Іске кірісіңіз, іске асырыңыз



- Қорқыныш тосқауылын жойып, өзіңізге туа біте тиесілі болған еркіндіктен рахат алыңыз.







ҚАЙТА ҚАРАУ, ТАҒЫ ДА ОЙЛАНУ, ҚАЙТА ЖАЗУ







1) №7 сабақтың идеяларын, жаттығуларын және құралдарын қайтадан қарап шығып, не түсінгеніңізді жазыңыз.







2) Осы сабақтың негізінде алынған және мақсатқа жақындататын қандай қадамдар жасайтыңызды ойлап көріңіз.







3) Мақсаттарыңызды қайта жазыңыз. Сізге мақсатты анықтау керек пе? Мақсаттың бейнесі сізге түсінікті бе? Егер сіз бейтаныс адамға қойылған мақсаттардың жазбаша сипаттамасын берсеңіз, онда бұл сипаттама сіздей түсінеме? Егер жоқ болса, онда мақсатқа көбірек түсінік беріңіз



Бұл жерде ең бастысы сіз үй тапсырмаларын орындау арқылы өзіңіздің жалқаулығыңызды жеңіп,ескі әдетіңізден арылып,нағыз ЖЕҢІМПАЗ боласыз!
Мұндай мүмкіндікті жіберіп алмаңыздар!
Жалпылай бағдарламасы:
Өткен күннің парақтарын
толық жабасыз
Өз өзіңізді бағалап үйренесіз
Ораторлықты, сенімділікті, ой-өрісіңізді дамытасыз
Миыңызды дұрыс жұмыс істетіп, жаңа мүмкіндіктерге жол ашасыз
Ойыңыз, сөзіңіз, көз қарасыңыз толығымен өзгереді
Нәпсіңізді жеңіп, ескі әдеттерді бұзып, жаңа әдеттерді қалыптастырасыз
Жаңа ортада жаңа деңгейге көтерілесіз
Әлемдегі өз-өзіңді өзгерту жайлы ең нәтижелі технологияларымен танысасыз
САБАҚ СІЗДЕРГЕ АМАНАТ! САБАҚТЫ ТАРАТПАЙМЫЗ!
Made on
Tilda