Дәптер мен қалам дайындап, сабақтан ерекше ИНСАЙТ алуға дайын болыңыздар.
"6-Сабақ. Қоршаған орта,бұл біздің айнамыз."

Дәптер,қалам дайындап, сабақтан ерекше ИНСАЙТ алуға дайын болыңыздар.
Баршаңызға сәттілік!
6-сабақ Үй тапсырмасы.



Қоршаған орта, бұл - біздің айнамыз.





1. Сізді қоршаған айнала сіздің өзін-өзі бағалауыңыздың айнасы болса, сіздің сыртқы әлем сіздің өзін-өзі бағалауыңыз туралы не айта алады?



2. Сіз қоршаған ортаға сүйене отырып, өз-өзіңізді бағалауыңызды қалай сипаттар едіңіз? Бұл өзіңіз туралы нақты ойлайтын ойыңыз ба? Жоқ әлде осы өзін-өзі бағалау мен өзіңіз туралы шын мәнінде ойлағаныңыздың арасында айырмашылық бар ма?



3. Шын мәнінде өзіңіз туралы қалай ойлайсыз? Өзін-өзі бағалауыңыз дұрыс па, жоқ әлі де жақсартуға бола ма?



4. Сіздің өзін-өзі бағалауыңыз парадигмамен шектелген бе, әлде жаңа мүмкіндіктерге ашық па? Өзін-өзі бағалауыңызға және парадигмаға қандай әңгімелер айтасыз, яғни сіздің ішкі диалогыңыз қандай?



5. Өз бойыңыздан нені жақсы көресіз? Өзіңіздегі қандай қасиеттерді жақсы көресіз? Бұл қасиеттерді жұмыста қалай қолдана аласыз? Бұл қасиеттерге көбірек уақыт бөлуді қалай бастай аласыз?



6. Өзіңізді бағалауыңызды жақсартқыңыз келе ме?



Егер «иә» болса, онда сіз құрметтейтін және өзін-өзі бағалауына қызыға қарайтын адамды есіңізге түсіріңіз.

- Оның қасиеттерін ойланып көріңіз. Сізге ұнайтын қасиеттері туралы жазыңыз.



- Енді осы жазған сипаттаманы алып, толығымен еркін демалыңыз. Өзіңізді осы адам ретінде көре бастаңыз және дәл осы адам сияқты әрекет еткеніңізді қас қағым сәтке елестетіңіз. Сол адамның өзін-өзі бағалауын қабылдаңыз. Және бұл бейнені түпкі санаңызға қоныстандырыңыз.

Ескерту, бұл біреуді көшіру, қайталау емес! Өзіңізге ұнаған адам ретінде қалыптасуға көмегін беретін, жаттығудың бірі.

Осы адамның қасиеттері сіздің өміріңізде қалатындай осы аптада жасай алатын бір әрекетті анықтап, жазыңыз. Өзін өзі бағалауыңызға жоғары баға алу үшін қандай қадамдар жасауға болады?

(Мүмкін, стилисттің, косметологтың көмегіне жүгіну.)



ЖАТТЫҒУ:



ӨМІРІҢІЗДІ КИНОҒА АЙНАЛДЫРЫҢЫЗ:



Сіздің өміріңіз сіз көріп жатқан фильм деп елестетіп көріңіз. Сіз режиссер, продюсер, атқарушы продюсер, сіз оны қаржыландырушысыз және т.с.с.



Енді сіздің бүгінгі өміріңіздің фильмін және сіз түсіргіңіз келетін фильмді келесі сұрақтарға жауап бере отырып, қарастырыңыз:



1. Қандай фильмдерді ұнатасыз? Қай жанрда?



2. Фильмде қандай актерлар бар? Сіз басты рөлде ойнайсыз ба, әлде қосалқы рөлдесіз бе?



3. Сіздің фильміңіздің сюжеті қандай?



4. Дәл қазір өзіңіздің сюжетіңізді жазып жатқандықтан 3 немесе 6 айдан кейінгі фильміңізді елестетіп көріңізші. Сіздің сюжеттік линия қалай өзгереді? Болашақтағы фильмде қандай өзгерістер болғанын қалайсыз?



5. Сюжет бойынша қандай кейіпкерлер сізді қолдайды?



6. Сіз өзіңіз туралы жасаған фильмге қалай қарайсыз және оны қалай жақсартқыңыз келеді?



Осы сұрақтарға жауапты толық суреттеп жазыңыз.



ҮШ МАҢЫЗДЫ НӘРСЕГЕ ЖАТТЫҒУ:



Қайта қарау, Қайта ойлау, Қайта жазу.



1. «Өмірлік мақсатыңа қол жеткіз!» сабағынан алған идеяларды, білімдерді және құралдарды қайта қарап шығып, білгендеріңіздің қысқаша мазмұнын жазыңыз.



2. Осы сабақтың негізінен алынған сізді мақсаттарыңызға жақындататын қадамды қайта ойлап шығыңыз.



3. Мақсатыңызды қайта жазыңыз. Сіздің мақсатыңыз қайта анықтауды қажет ете ме? Оның көрінісі анық па? Егер сіз бір адамға мақсатыңыздың жазбаша сипаттамасын берсеңіз, ол да дәл сіз елестеткен картинаны көре ала ма? Егер жоқ болса, мақсатыңызды толығымен дұрыстап сипаттап жазыңыз.

Бұл жерде ең бастысы сіз үй тапсырмаларын орындау арқылы өзіңіздің жалқаулығыңызды жеңіп,ескі әдетіңізден арылып,нағыз ЖЕҢІМПАЗ боласыз!
Мұндай мүмкіндікті жіберіп алмаңыздар!
Жалпылай бағдарламасы:
Өткен күннің парақтарын
толық жабасыз
Өз өзіңізді бағалап үйренесіз
Ораторлықты, сенімділікті, ой-өрісіңізді дамытасыз
Миыңызды дұрыс жұмыс істетіп, жаңа мүмкіндіктерге жол ашасыз
Ойыңыз, сөзіңіз, көз қарасыңыз толығымен өзгереді
Нәпсіңізді жеңіп, ескі әдеттерді бұзып, жаңа әдеттерді қалыптастырасыз
Жаңа ортада жаңа деңгейге көтерілесіз
Әлемдегі өз-өзіңді өзгерту жайлы ең нәтижелі технологияларымен танысасыз
САБАҚ СІЗДЕРГЕ АМАНАТ! САБАҚТЫ ТАРАТПАЙМЫЗ!
Made on
Tilda