Дәптер мен қалам дайындап, сабақтан ерекше ИНСАЙТ алуға дайын болыңыздар.
3 Сабақ
"Ақылыңызды қолданыңыз"
Дәптер,қалам дайындап, сабақтан ерекше ИНСАЙТ алуға дайын болыңыздар.
Баршаңызға сәттілік!
3-сабақ Үй тапсырмасы.
Ақылыңызды қолданыңыз.
Нәтижелеріңізді жақсарту үшін келесі сұрақтарға тоқталып, төменгі жазбаларды жақсылап оқыңыздар:
Барлық ойланатын адам өздерінің нәтижелерін жақсарта алатынына сенеді.
Қазіргі нәтижелеріміз бұл ,біздің жүріс-тұрысымыздың себебінен екендігін анықтадық.
Дәл қазір өзіңізден сұраңыз, «Сіздің жүріс тұрысыңыз қандай?»
Біздің осы сабақ, сіздің парадигмалар сіздің жүріс тұрысқа қалай әсер ететінін түсінуіңізге көмектеседі.
Парадигмалар – бұл біздің бойымыздағы көптеген әдеттеріміз. Әдеттер бейсаналық әрекеттерде көрінеді.
Парадигмалардың көптеген әдеттеріміз екенін мойындай отырып, сіз өміріңізге оң нәтиже беретін жаңа парадигмалардың пайда болуына бір қадам жақындайсыз.
Көбінесе, адам уақытша жақсы нәтижеге қол жеткен кезде, оны уақытша және тұрақсыз деп ойлайды. Себебі жүріс тұрысты мәжбүрлі түрде өзгертетін болсақ, нәтижеміз де уақытша өзгереді. Сондықтан да, адамдар, ескі, қарапайым жүріс-тұрысқа жол беріп қажетсіз, бұрынғы өміріне оралады.
Нәтижелерді жақсарту үшін әдеттеріңізді өзгерту арқылы парадигманы өзгерту керек. Егер адам 1-2 әдетті ғана өзгертсе, соңында ештеңе өзгермейді.
Адамдардың жалпы қателігі – жаман әдеттерін жай ғана шектетіп, ысырып қойып, бәрі жақсы жаққа өзгереді деп ойлауларында. Егер жаман әдеттеріңізді жақсы жағына ауыстырмасаңыз, олар автоматты түрде басқа жаман нәрселермен алмастырылады.
Қорытынды:
1. Нəтижелерді өзгерту үшін, өзіңіздің бойыңыздағы бір немесе екі жағымсыз əдітті таңдап, соны өзгертуге бірден әрекет етіңіз. Қандай әдетіңізді өзгерту керек?
2. Енді екінші сабақта берілген тапсырмалардың алғашқысына оралып, бос параққа, өзіңіз қаламаған қазіргі кезде бар нәтижелерді толық сипаттап жазыңыз.
3. Екінші сабақтағы тапсырмаға оралып, жаңа параққа нәтижесіз әрекетіңіздің барлық элементтерін қайта жазыңыз.
4. Қағаздың екінші бетінде өзіңіз қалаған, сізге қажетті нәтижелерді мүмкіндігінше толық сипаттаңыз.
5. Басқа параққа нәтижесіз әрекеттерді ауыстыратын нәтижелі әрекеттерді қайта жазыңыз.
6. Содан кейін жағымсыз нәтижелер мен нәтижесіз әрекеттер жазылған парақты алып, жыртып тастаңыз. Әрине, оларды жәй қолыңызбен жырттыңыз, алайда, бұл идея өте маңызды. Оларды жыртып тастағаннан кейін, олардан ойша болсын босайтын боласыз. Санаңызда қағазға жазған нәтижелі әрекеттерді сақтап, үнемі ойлап жүріңіз.
Сіздің басыңыздың әрбір тесігінен еніп, төмен қарай денеңіздің әрбір бөлігіне кіріп бара жатқан энергияны елестетіңіз, сезініңіз. Бұл энергия сіз арқылы еркін өтіп, сіздің барлық молекулаларыңызда айналып, сіздің денеңізді өте жеңіл сезіндіреді.
Өзіңізге қажетті нәтижеге ие болғаныңызды оймен елестетіңіз. Бұл өте маңызды. Сіз қалаған нәтиже сіздің үстіңіздегі киіміңіз сияқты қол жеткізуге болатын дүние.
Енді, өзіңіз қалаған нәтижеге қол жеткізген адам ретінде, өзіңізді сипаттап жазыңыз. Дәл қазір оны қалай сезінудесіз жазыңыз. Бейтаныс адам оқығанда, сіз сияқты елестететіндей етіп жазыңыз.
Күн сайын таңертең және жатар алдында келесі сөздерді айтыңыз:
Мен өз өміріме жауаптымын!
Мен өзімнің сезімім үшін жауаптымын!
Жеке өсуім үшін жауаптымын!
Әрбір іс-әрекетінің нәтижесі үшін жауаптымын!
Маған өз өміріме жауапкершілікті алу ұнайды!
ҮШ МАҢЫЗДЫ НӘРСЕГЕ ЖАТТЫҒУ:
Қайта қарау, Қайта ойлау, Қайта жазу.
1. «Өмірлік мақсатыңа қол жеткіз!» сабағынан алған идеяларды, білімдерді және құралдарды қайта қарап шығып, білгендеріңіздің қысқаша мазмұнын жазыңыз.
2. Осы сабақтың негізінен алынған сізді мақсаттарыңызға жақындататын қадамды қайта ойлап шығыңыз.
3. Мақсатыңызды қайта жазыңыз. Сіздің мақсатыңыз қайта анықтауды қажет ете ме? Оның көрінісі анық па? Егер сіз бір адамға мақсатыңыздың жазбаша сипаттамасын берсеңіз, ол да дәл сіз елестеткен картинаны көре ала ма? Егер жоқ болса, мақсатыңызды толығымен дұрыстап сипаттап жазыңыз.
Бұл жерде ең бастысы сіз үй тапсырмаларын орындау арқылы өзіңіздің жалқаулығыңызды жеңіп,ескі әдетіңізден арылып,нағыз ЖЕҢІМПАЗ боласыз!
Мұндай мүмкіндікті жіберіп алмаңыздар!
Жалпылай бағдарламасы:
Өткен күннің парақтарын
толық жабасыз
Өз өзіңізді бағалап үйренесіз
Ораторлықты, сенімділікті, ой-өрісіңізді дамытасыз
Миыңызды дұрыс жұмыс істетіп, жаңа мүмкіндіктерге жол ашасыз
Ойыңыз, сөзіңіз, көз қарасыңыз толығымен өзгереді
Нәпсіңізді жеңіп, ескі әдеттерді бұзып, жаңа әдеттерді қалыптастырасыз
Жаңа ортада жаңа деңгейге көтерілесіз
Әлемдегі өз-өзіңді өзгерту жайлы ең нәтижелі технологияларымен танысасыз
САБАҚ СІЗДЕРГЕ АМАНАТ! САБАҚТЫ ТАРАТПАЙМЫЗ!
Made on
Tilda